chispa1707с. Н.Баймұхамедов
ә. Е.Брусиловский
Жер шарын мекендеген бүкіл халық
Біздің ел дәстүрінен қуат алып
Советтер Одағы боп сүйенері
Достығын Отанымның отыр танып
Барлық халық, бақыт үшін
Тартқан алға, алға!
Біздің ту - Совет туы, берік қолда
Партия қайда болса
Партия қайда болса - жеңіс сонда!
Жиһанға жат болсын деп соғыс аты
Сақтаулы қол қойылған "Әлем хаты"
Бала - жас, ана - жесір, әке - құрбан
Болсын деп жаралмаған адам заты
Барлық халық, бақыт үшін
Тартқан алға, алға!
Біздің ту - Совет туы, берік қолда
Партия қайда болса
Партия қайда болса - жеңіс сонда!
Отаным мәңгі бақыт шамын жаққан
Қуатым құмда суды толқындатқан
Біздің ел - еңбек елі шөл далаға
Жайқалта жапырағын бақ орнатқан
Барлық халық, бақыт үшін
Тартқан алға, алға!
Біздің ту - Совет туы, берік қолда
Партия қайда болса
Партия қайда болса - жеңіс сонда!
no subject
Date: 2012-10-08 06:10 pm (UTC)no subject
Date: 2012-10-08 06:20 pm (UTC)ÐеÑевод: Ðенин - наÑе знамÑ.
no subject
Date: 2012-10-09 07:42 pm (UTC)